
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану ғылыми орталығында су ресурстарының сапалық құрамының динамикасын модельдеу зертханасы құрылды.
Негізгі мақсат – математикалық модельдер негізінде жер асты және жер үсті суларының сапалық құрамының динамикасын бағалау және болжау.
Зертхана ғалымдары судың құрамын ластаушы заттарға талдау жүргізіп, олардың деңгейін анықтайды. Бұл жұмыстар қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін факторларды азайтуға септігін тигізеді.
Су ресурстарының сапалы құрамының динамикасын модельдеу зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Людмила Павличенконың айтуынша талдау жұмыстары адам денсаулығына су арқылы таралатын инфекцияларды болдырмау үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін көрінеді.
«Осы зертханада алынған талдаулар ауыз судың сапасын бақылауға және жақсартуға көмектеседі. Бұл жалпы адам денсаулығына және қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді. Сонымен қатар, зертханалық деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға су ресурстарын пайдалануға байланысты негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді және су ресурстарын тазарту мен қорғаудың қосымша шараларын енгізу қажеттілігін анықтауға көмектеседі. Зертхана сонымен қатар Тұрақты даму мақсаттарының 6-бағытын жүзеге асырады», - дейді Людмила Павличенко.
Зертхананың қызметі бірнеше аспектілерді қамтиды: