
АГЭУ-ДЕ ТҮРКИЯНЫҢ ЖАҢА БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Жуырда Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде Дюздже университетінің (Түркия) Білім, ғылым және мәдениет орталығын ашу туралы келісімге қол қойылды.
Дюздже университеті QS Europe University Rankings - Western Asia тізімінде 61-ші орында тұр. Кездесу барысында АГЭУ ректоры, профессор Валери Корвяков және Дюздже университетінің ректоры, профессор Недим Сезбир орталықты ашу туралы меморандумға, оған қосымша келісімге және инклюзивті білім беру бойынша Minor/Major бағдарламаларын жүзеге асыру келісіміне қол қойды.
💡Жаңа орталық студенттерге тегін түрік тілі курстарын ұсынатын, халықаралық бағдарламаларға қатысуға және қос диплом алуға мүмкіндік беретін білім және мәдениет алмасу алаңы болады.
📚 Дюздже университеті – 2006 жылы құрылған мемлекеттік университет.
Университет инженерия, медицина және әлеуметтік ғылымдар салаларындағы бағдарламаларды белсенді дамытып, тұрақты даму мен инновацияларға баса назар аударады.