
ХАБАРЛАНДЫРУ
🧬 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы
❗«Ғылым қоры» АҚ «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ сайтында орналастырылған.
⏳ Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 9 қыркүйекте басталады.
⌛ Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі – 2024 жылғы 9 қазан. Конкурстық өтінімдер www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ААЖ) арқылы жоба тобы мүшелерінің, жоба жетекшісінің және Өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде қабылданады.
☎ Сараптама орталығының www.is.ncste.kz ААЖ-мен жұмыс бойынша, өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін +7 727 355 5002 (ішкі: 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228) телефондары бойынша хабарласуға болады.
☎ Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап алуға болады. Байланыс телефондары: +7 7172 79 98 67 (ішкі номер: 1051, 1054), +7 7172 79-98-70, 79-98-71 (ішкі номер: 1012, 1014, 1021, 1033). Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. О
нлайн конференциялар мына сілтеме бойынша: https://us06web.zoom.us/j/83052478908..., Zoom конференция идентификаторы: 830 5247 8908, кіру коды: 011676.