БРИФИНГ: СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ

БРИФИНГ: СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ

БРИФИНГ: СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ

📢 Бүгін, 21 тамызда, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету жұмыстары туралы ақпарат берді.

🎤 Сондай-ақ, брифинге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректорының м.а. Сәбит Суатай, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, Алматы қаласының студенттік омбудсмені Әділхан Төлепберген қатысты.

✔ Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жыл сайын жатақханаларда 10 мың орынды енгізу жоспарлануда. Комитет төрағасының орынбасарының айтуынша, 2024 жылға 10 576 орындық 27 жатақхананы іске қосу жоспарланған.

🗯 «Бүгінгі таңда 4650 орындық 17 жатақхана іске қосылды. Атап айтқанда, Түркістан облысында – 370 орындық 3 жатақхана, Жамбыл облысында – 100 орындық 1 жатақхана, Атырауда – 490 орындық 1 жатақхана, Павлодар облысында – 189 орындық 1 жатақхана, Алматыда – 1040 орындық 4 жатақхана, Шымкентте – 930 орындық 3 жатақхана, Астанада – 1207 орындық 3 жатақхана, Қостанайда – 324 орындық 1 жатақхана», - деді Ақерке Абылайхан.

📍 БАҚ өкілдерімен кездесуде студенттердің қоныстану жағдайын жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылданғаны хабарланды. Атап айтқанда, Алматыда студенттерді жатақханалардағы қолжетімді орындар туралы ақпараттандыру үшін Ахуалдық орталық, сондай-ақ Логистика және көлік академиясы (30 орын) мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (20 орын) базасында Дағдарыс орталықтары ашылғаны айтылды. Ақерке Абылайхан орындарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттер мен бірінші курс студенттеріне басымдық берілетінін атап өтті.

🗯 «Жоғары оқу орындарының студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету жауапкершілігі күшейтілді. 2024 жылы министрлік жатақхананы қажет ететін студенттерді толыққанды қамтамасыз ету және олардың тұруына жағдай жасау бағытында жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын талаптарды күшейтті», - деді ол.

🏫 Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының жеке жатақханаларының саны 93 367 төсек-орынға арналған 264 нысанды құрайды. Жатақхана тапшылығын жою үшін жеке студенттік жатақханалармен шарттарды қоса алғанда, тұрғын үй-жайларды жалға алу тәжірибесі белсенді іске асырылуда. Осы бағыт бойынша жұмыс ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін жалғасады.

📑 Ведомство әкімдіктермен бірлесіп жаңа жатақханаларды іске қосу бойынша жол карталарын әзірлеп, бекітті. Проблемаларды жедел шешу үшін өңірлерде ҒЖБМ студенттік омбудсмендері белсенді жұмыс істейді және оқуға жаңа түскен студенттерге Алматы мен Астанада бейімделуге көмектесетін, білім беру бағдарламаларымен, оқу орындарымен және мәдени көрікті жерлермен таныстыратын «Қош келдің, студент!» жобасы іске қосылған.

📌Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім алу кезеңінде жоғары оқу орындарының жатақханаларында тұрғаны үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтарына және 1 және 2 топтағы мүгедек адамдарға, бала кезінен мүгедек адамдарға, мүгедектігі бар балаларға 29 АЕК аспайтын мөлшерде өтемақы көзделген.