
АЛМАТЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕР «ҚОШ КЕЛДІҢ, СТУДЕНТ!» АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ
💫 Алматы жастарының бастамасымен еліміздің өңірлерінен және ауылдан алғаш рет келген жастарға көмек қолын ұсынатын «Қош келдің, студент!» жаңа жобасы жалғасуда.
👩🎓👨🎓 Жаңа қалаға келген студенттерге алматылық жастар:
🏫 жатақханаға орналасуға көмектеседі;
📚 білім беру бағдарламалары мен оқу ғимараттарымен танысуға көмектеседі;
🍽 қолжетімді тамақтану орындарын таныстырады;
🌇 қаланың көркем жерлері мен мұражайларын көрсетеді.
🤝 «Қош келдің, студент!» Алматы қаласының білім беру ортасындағы әлеуметтік ахуалды жақсарту жолындағы маңызды қадам болып табылатын және студенттер арасындағы мәдени алмасу мен өзара түсіністікті дамытуға ықпал ететін студенттер жобасы.