
ҒЫЛЫМ ҚОРЫ ХИМИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ ҰСЫНАДЫ
🧬 Ғылым қоры ғылыми қоғамдастық пен бизнес-сектор арасындағы өзара іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Технологияларды коммерцияландыру реакторын» өткізеді.
🌐 ChemTech коммерцияландыру реакторы аясында химия өнеркәсібіндегі жаңа жобалардың питч-тұсаукесерлері ұйымдастырылады.
📍 Алаң форматында өңделмеген индийді тиімді тазарту технологиясы, көмірдің шаң тәрізді фракциясын кешенді пайдалану әдісі, құрамында күкіртсутегі бар газдарды тазарту, көктайғаққа қарсы заттарға қажет натрий форматын сілтілі ортада алу тәсілі, мал шаруашылығы қалдықтарынан кератин гидролизаттарын алу және басқа да жобалар ұсынылатын болады.
Өтетін күні мен орны: 2024 ж. 26 тамыз, Алматы қ., сағат 14:00, ҚазҰУ, Әл-Фараби даңғылы 71.
Барлық сұрақтар бойынша: + 7 7172 79-98-67 А.Е.Исимова