
Құрметті талапкерлер, сіздерге Аманжолов университеті гранты жөніндегі ақпаратты ұсынамыз!
🎓 Жыл сайын дарынды, талантты жастарды қолдау мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 20-дан астам пәндік олимпиада өткізіледі. Жеңімпаздар университеттің төрт жылдық грантын алуға үміткер бола алады.
📚 Университет жыл сайын оқуда жоғары көрсеткіш көрсеткен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын талапкерлерді үнемі қолдайды.
🏆 Сонымен қатар, Аманжолов университеті ауқымды облыстық және республикалық олимпиадалар ұйымдастырады. Мәселен, «Менің Қазақстаным», «Туған ел. Туған жер. Туған глобал», «Абай оқулары», «Педагогикалық ассорти», «Дарын». Осы байқаулардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдік қарастырылған.
📍 Қосымша ақпаратты үшін байланыс нөмірі:
☎ +7 701 345 7689; +7 771 305 7757.