
МИНИСТР ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ КЕШЕНДЕРІН АРАЛАДЫ
Қарағанды өңіріне жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға келді.
Сапар барысында министр «Энергетикадағы цифрлық технологиялар», «Тау-кен ісіндегі перспективалық технологиялар», «Көліктегі цифрлық технологиялар» ғылыми-білім беру кешендерінің, метан энергетикасының сынақ зертханасының, инженерлік бейіндегі сынақ зертханасының, геосканерлеу орталығының, «Нанометаллургиялық процестер» зертханасының жұмысымен танысты.
Зертханалар өнеркәсіптік сектормен белсенді түрде ынтымақтасады және тұрақты негізде тапсырыстар мен зерттеулерді орындайды. Зертханалар базасында университет студенттері, магистранттары, докторанттары (PhD) және ғалымдары үнемі тәжірибеден өтеді, біліктілігін арттырады және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.