
Start X акселераторының өкілдері Ғылым қорымен кездесті
Кремний алқабының StartX акселераторының өкілдері Ғылым қорында болды.
StartX жетекші акселераторлардың бірі, DeepTech жобаларын дамыту, оларды масштабтау және коммерцияландыру үшін елеулі тәжірибе мен ресурстарға ие.
Бүгінде StartX-те 16 юникорн компания және 90% -ы табысты стартаптар бар. Тараптар Қазақстандағы коммерцияландыру экожүйесін дамытуға бағытталған ынтымақтастық перспективаларын талқылады.