М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ
🔎 26 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының студенттік омбудсмені Карима Жунусова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіндегі жатақханаларға мониторинг жүргізді.
💡 Жатақханаларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, студенттердің тұрмыстық жағдайлары жаңартылуда. Сондай-ақ екі жаңа студенттік жатақхананың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
📍 Университетте барлығы 1365 орындық 4 жатақхана бар, 192 орындық жатақхана қосымша жалға алынған.