BUKETOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕР ҮЙІН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАУДА

BUKETOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕР ҮЙІН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАУДА

BUKETOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕР ҮЙІН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАУДА

  Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Студенттер үйінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күні № 1,3,4,5,6,7 жатақханаларда косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

  Барлық студенттік жатақханаларда төсек жабындарын ауа-бу немесе бу әдісімен өңдеу бойынша залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта № 2 жатақханада ағымдағы косметикалық жөндеу, ал 2 блокта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік сатып алу арқылы матрастары бар 270 кереует сатып алынды, сондай-ақ есік, шамдар ауыстырылып, жаңа линолеум төселді.

  «Күрделі жөндеуден кейін жатақхана мүлдем басқа кейіпке енеді. Бөлмелер жайлы болып, жаңа ас үйде тамақ әзірлеу ыңғайлы болады», - дейді студенттер.

  Жөндеу жұмыстарын оқу орынның әкімшілік-шаруашылық департаментінің қызметкерлері өз күштерімен жүргізіп жатқанын атап айту керек. Жаңа оқу жылында Buketov University студенттері барлық жағдай жасалған, жаңадан жөнделіп, жаңартылған бөлмелерге орналасады.