
ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНА 10 БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ
⚡️ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзербайжан Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2024–2025 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 10 оқу грантын ұсынады:
✅ бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 орын;
✅ магистратура бағдарламасы бойынша 5 орын.
📍 Оқу әзірбайжан немесе ағылшын тілдерінде. Оқыту тілі немесе мамандығы бойынша тиісті білімі бар Студенттер үшін дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.
💡 Ағылшын тілінде білім алу үшін сізде кемінде:
☑️ «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.0; TOEFL 120-дан 40;
☑️ «Магистратура» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.5 TOEFL 120-дан 50 деңгейі бар жарамды сертификат болуы қажет.
📌 Үміткерлер өз қалауы бойынша 3 университет және мамандық таңдай алады.
🎓 Грант келесі шығындарды өтейді:
✅ тегін оқу;
✅ ай сайынғы стипендия;
✅ медициналық сақтандыру. Басқа шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын, грант иесі өзі өтейді.
📑 Өтініштер «Электрондық үкімет» порталы – eGov.kz арқылы онлайн режимінде немесе сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға (2024 ж. 19 шілдеден 29 шілдеге дейін) дейін Астана қаласындағы ХБО кеңсесінде қабылданады.
📩 Қажетті құжаттар туралы, қосымша ақпаратпен, құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен, университеттердің тізімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.