ПРОДОЛЖАЕТСЯ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ

ПРОДОЛЖАЕТСЯ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ГРАНТОВ

БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

⚡️ 13 шілдеде басталған білім беру гранттарының конкурсына құжат қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары демалыс күні де жалғастыруда. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.

📌 Сонымен қатар білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта жүзеге асырылатындығын естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

🤩 Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 13 735 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 903 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 288 грант тиесілі.

👨🏻‍🎓 Алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.

👩🏻‍🎓 Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар.

📑 Отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

📍 Естеріңізге сала кетсек, 139 мыңға жуық талапкер ҰБТ-да шекті балл жинаған, олар грант конкурсына қатыса алады.

📆 Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

бейнематериал