Құрметті талапкерлер, сіздермен тағы бір шетелдік жоғары оқу орнының филиалына қатысты ақпаратпен бөлісеміз!

Құрметті талапкерлер, сіздермен тағы бір шетелдік жоғары оқу орнының филиалына қатысты ақпаратпен бөлісеміз!

Құрметті талапкерлер, сіздермен тағы бір шетелдік жоғары оқу орнының филиалына қатысты ақпаратпен бөлісеміз!

💡 Петропавл қаласында Аризона университетінің филиалы ашылғандығын білесіздер. Бүгін де Қозыбаев университетінің командасы Астана, Түркістан, Шымкент, Ақтау, Атырау, Жаңаөзен, Жетісай қалаларында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

📣 Талапкерлермен Аризона университетімен бірлескен биотехнология, IT, инклюзия қос дипломды бағдарламаларға оқуға түсу бойынша кездесулер өтеді.

🤩 Аризона университеті филиалының студенттері соңғы семестрде АҚШ-та білім алу мүмкіндігіне ие болады. Түлектерге Қазақстандық және Аризона университетінің екі дипломы табысталады.

🔎 Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беру тобы атаулы гранттар, квоталар, оқуға жеңілдіктер, әскери кафедра, жатақханаларда тұру, студенттердің шығармашылық және спорттық қызметінің мүмкіндіктері мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларымен таныстырады.

📍 Кездесулер: Астанада - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ , Шымкентте - М. Әуезов атындағы ОҚУ, Түркістанда - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақтауда - Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Жаңаөзенде - Теміржолшылар Мәдениет үйі, Атырауда - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде, Жетісайда - Алпамыс батыр атындағы №8 мектепте өтеді.