
Еліміздің ЖОО суперкомпьютерлердің материалдық-техникалық базасын белсенді түрде жаңартуда
📌 Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады. Министрдің айтуынша, еліміздегі түрлі суперкомпьютерлердің қуаты белсенді түрде енгізіліп, жаңартылуда. Мәселен, әртүрлі салаларда күрделі есептеулер үшін пайдаланылатын ҚазҰТЗУ есептеу кластерін 2024-2026 жылдары 20 терафлопсқа дейін жаңарту жоспарлануда.
✔ 10 терафлоп өнімділігі бар PARAM BILIM суперкомпьютерін 2013 жылы Үндістан ұлттық компаниясы CDAC шығарды және 2015 жылы Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ға тапсырды. PARAM BILIM суперкомпьютері 100 терафлопсқа дейін жаңартылды.
✔ Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚХР серіктестері арасында келісімшартқа қол қойылды, оған сәйкес осы жылдың күзінде қуаты 2 петафлопс болатын суперкомпьютер Алматыға жеткізіледі.
• Елдегі барлық суперкомпьютердің жалпы есептеу қуаты шамамен 2 петафлопсқа жетеді.