
АРАЛЫҚ СТАТИСТИКА: ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА 41 781 ТАЛАПКЕР ҚҰЖАТ ТАПСЫРДЫ
⚡ 13 шілдеде білім беру гранттары тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 24 шілдеге дейін жүргізіледі.
📍 Қазіргі таңда (сағ. 09.00) 41 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы офлайн форматта тапсыруға болады, сонымен қатар виртуалды қабылдау комиссиялары да жұмыс істеуде.
❗❗❗Талапкерлердің назарына
✔ Қазіргі таңда елімізде 19 шетелдік жоғары оқу орындарымен білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
✔ Ақтөбеде Хериот Уатт университетінің филиалында Қазақстанның 9 өңірінен жастар оқиды. Биылғы жылы шетелден алғашқы студенттер келуде.
✔ Солтүстік Қазақстанда Аризона университетінің филиалында Қазақстанның 18 өңірінен жастар білім алуда.
✔ Атырау облысында Губкин атындағы университеті, Алматы қаласында МИФИ университінің филиалдары табысты жұмыс істеп келеді. Бұл филиалдар 3-ші жыл қатарынан қабылдауды жүзеге асырып келеді.
✔ Ақтауда Есенов университетінде неміс университеттерінің консорциумы арқылы Тұрақты инжиниринг институты құрылды.
✔ Шығыс Қазақстанда Быдгощ қаласының Экономика университетінің (Польша) филиалы.
✔ Қызылордада Сеултех университетімен бірлесіп Жасанды интеллект жоғары мектебі ашылды.
✔ Сәтбаев университетінде Гонконг СіtyU университетінің қос диплом бағдарламасымен серіктестікті бастады.
✔ Жақында ғана Қытай және Қазақстанның президенттері ашқан Бейжің тіл және мәдениет университеті қызметін бастады.
✔ Абай университетінің базасында Лотарингия университетінің (Франция), Дулати университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында - Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механикаландыру инженерлері институтының (Өзбекстан) филиалдары жұмыстарын бастады.
⚜ Бұл филиалдар біздің жастарымызға, оның ішінде ауыл жастарына, халықаралық стандарттарға сай жоғары білім алуға бірегей мүмкіндік.
📌 Аталған филиалдарға құжат тапсыруға қатысты қосымша ақпаратты жоғары оқу орындарының ресми сайттарынан ала аласыздар.