Әлихан Бөкейхан Университетінің студенттері Үнді еліндегі IIT Bombay - 2024 Халықаралық жазғы мектебіне қатысты

Әлихан Бөкейхан Университетінің студенттері Үнді еліндегі IIT Bombay - 2024 Халықаралық жазғы мектебіне қатысты

Әлихан Бөкейхан Университетінің студенттері Үнді еліндегі IIT Bombay - 2024 Халықаралық жазғы мектебіне қатысты

Әлихан Бөкейхан Университетінің білім алушылары Үндістандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Indian Institute of Technology Bombay университетінде өткен Халықаралық жазғы мектеп аясында «Машиналық оқыту» курсын сәтті тәмамдады.

Бір апта көлемінде студенттер лингвистика саласындағы машиналық оқытуға қатысты жаңа білімдер мен практикалық дағдыларды игерді.

Курс барысында білім алушылар:

🔹 Регрессия және классификация әдістері: тізбекті регрессия, логистикалық регрессия және таным қабылдауы

🔹Модельдерді бағалау: оқыту, тестілеу және мәліметтерді тексеру әдістері

🔹 Нейронды жүйелер негіздері сынды тақырыптарды пысықтады.

🤝 Жазғы мектеп - жаңа технологиялар саласындағы озық тәжірибелер мен білімдер алмасатын, бірегей ынтымақ алаңына айналды.  IIT Bombay - Үнді еліндегі озық университеттердің бірі (#118 в QS WUR 2025) әрі Alikhan Bokeikhan University ресми серіктесі. Екі университет арасындағы ынтымақтастық Үндістанның Қазақстандағы Елшілігімен Астана қаласындағы SVCC орталығының қолдауымен жүзеге асқан болатын. 

Халықаралық жазғы мектеп жұмысына қатысқан барлық білім алушыларға шығармашылық жетістіктер мен академиялық табыстар тілейміз!