BAITURSYNULY UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА МАШИНА ЖАСАУДЫ ОҚЫДЫ

BAITURSYNULY UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА МАШИНА ЖАСАУДЫ ОҚЫДЫ

BAITURSYNULY UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА МАШИНА ЖАСАУДЫ ОҚЫДЫ

🎓 Baitursynuly University студенттері Оңтүстік Кореяның Dong-Eui университетінде «Машина жасау» факультетінде білім алып қайтты. Қостанайлық студенттер бұндай мүмкіндікке өткен жылдың қараша айында Қостанай Өңірлік университеті мен Dong-Eui университеті арасында қол қойылған автомобиль саласы үшін кадрлар даярлау туралы меморандумның арқасында ие болды.

📍Dong-Eui университеті – Оңтүстік Кореядағы машина жасаушы мамандарды әзірлеуде үлкен тәжірибеге ие және әлемге әйгілі «Hyundai» автомобиль корпорациясымен тығыз жұмыс істейді.

🚘 Baitursynuly University-дің екінші курс студенттері Бейбарыс Батырғожин мен Темірлан Сапарбаев алмасу бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореяның Dong-Eui университетінде келесі бағыттар бойынша оқыды: пилотсыз автомобильдерді құрастыру, электр жабдықтарын жүйелі бақылау және пайдалану тәжірибесі, автомобиль бөлшектерін жасау.⠀

📃 Студенттер Қостанайға Корей университетінде табысты оқығанын растайтын сертификаттармен оралды.

⚡ Оңтүстік Кореяда оқу біз үшін таптырмас мүмкіндік болды. Мен жаңа мәдениетпен танысып, жүрегімде мәңгі қалатын ерекше тәжірибе алдым. Оңтүстік Кореяда оқу маған баға жетпес білім беріп қана қоймай, корей тіліндегі дағдыларымды жетілдірді. Мен білімім мен біліктілігімді арттырып қана қоймай, болашақта өзімді шабыттандыратын жылы естеліктерге ие болдым, - деп атап өтті Бейбарыс Батырғожин сертификатты табыстау салтанатында. ⠀

💡 Ал, Темірлан Сапарбаевтың айтуынша, Dong-Eui-де оқығаннан кейін ол өзі таңдаған мамандығы – машина құрастыру саласында жұмыс істегісі келетініне сенімділігі артқан. Студент Оңтүстік Корея университетінде оқу кезінде бірегей практикалық дағдыларды алу үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Онда студенттер университет алаңында, тіпті, нағыз жарыстарға қатысатын спорттық көліктерді құрастырыпты. ⠀

📌 Baitursynuly University студенттері үшін жоғары оқу орындарының табысты ынтымақтастығының қорытындысы бойынша квота ұлғайтылды. Келесі оқу жылында Dong-Eui университетінде Қостанайдан тағы 10 студент оқу мүмкіндігіне ие болады.