ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

  ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ұлытау өңіріне сапары аясында жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарынан құралған делегация құрамымен «Қазақмыс» корпорациясының тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметовпен кездесіп, ғылым және өндіріс саласындағы серіктестік туралы ынтымақтастықты талқылады.

  Кездесу ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың, нақты экономиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешудің, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақсартудың, сондай-ақ экспортқа бағытталған жаңа өнімдерді өндіру бойынша коммерцияландыру жобаларын ілгерілетудің жаңа тетіктерін әзірлеу мақсатында Жоғары ғылыми-техникалық комиссияда берілген тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілді.

бейнематериалға сілтеме