BUKETOV UNIVERSITY ТҮРКИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

BUKETOV UNIVERSITY ТҮРКИЯНЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

     Бөкетов университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Н.Дулатбеков Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында Гази университетінде болды.

     Сапар аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын, қос диплом бағдарламаларын ашу туралы келісімдерге, сондай-ақ жақын арада ПОҚ академиялық ұтқырлығын көздейтін Erasmus+ жобасына қатысты келісімге қол қойылды.

     Тараптар жоғары оқу орындары арасындағы бірлескен білім беру және ғылыми қызметті және ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.