
ҚР Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде 2024 жылдың 20 мамыры Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға құжаттарды қабылдау басталады.
Өтініштер «Электрондық үкімет» порталы – eGov.kz арқылы онлайн режимінде немесе 2024 жылдың 20 мамыры сағат 9:00-ден 2024 жылдың 31 мамыры сағат 18:30-ға дейін Астана қаласындағы ХБО кеңсесінде қабылданады.
Қазақстан азаматтарына 100 грант бөлінді:
- техникалық мамандықтар бойынша – 50 орын (бакалавриат – 40, магистратура – 10);
- медициналық мамандықтар бойынша – 5 орын (бакалавриат/маман дәрежесі/интернатура);
- гуманитарлық және экономикалық мамандықтар бойынша – 45 орын (бакалавриат – 35, магистратура – 10).
Грант келесі шығындарды қамтиды:
* тегін білім беру;
* мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес ай сайынғы стипендия;
* медициналық қызмет көрсету.
Қалған шығындарды, соның ішінде көлік және тұру шығындарын грант иегері өз бетінше өтейді.
Оқыту тілі – тәжік/орыс.
Қажетті құжаттар туралы қосымша ақпаратпен, құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.