
Есенов университетінде «Skills TechnologyForesight әдісі негізінде Қазақстан өңірлерінің жаңа мамандықтар мен құзыреттер атластарын әзірлеу» жобасы аясында энергетика, көлік және логистика, құрылыс салалары бойынша форсайт-сессия өтті.
Аталмыш жобаны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттық қаржыландыру негізінде Есенов университеті мен басқа да жоғары оқу орындары бірлесіп жүзеге асыруда. Оның аясында Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Алматы, Түркістан, Ұлытау облыстарына арналған жаңа мамандықтар атласы жасақталады деп жоспарлануда. Форсайт-сессияға аталған салалардың білікті мамандары қатысты. Шараның мақсаты – форсайт-болжау әдісін қолдана отырып, болашақ еңбек нарығына қажетті мамандықтарды анықтау.
Сессия барысында көлік және логистика бағыты бойынша «ҚР порттарының теңіз әкімшілігі», «Казпошта» АҚ, «Қазақстан теміржолы – Жүк тасымалы» АҚ мекемелері мамандары білім беру мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің, энергетика саласының білікті мамандарымен бірлесе қазіргі өзекті мәселелерді талқылады.
«Сессияның бірінші күні энергетика, көлік және логистика салалары бойынша екі топ жұмысі стеді. Нәтижесінде теңіз саласында жасанды интеллектіні қолдану, көлік жолдарындасервистік қызметтердің сапасын арттыру секілдімәселелер көтерілді. Ал энергетика саласыбойынша болашақта ядролық инженер, ақылдыжелі дизайнері, жаңартылатын энергия жобаларының менеджері, киберэнергетик секілді жаңа мамандықтарға сұраныс болады», - дептұжырымдады сарапшылар.
Жиын барысында құрылыс саласы бойыншада өзекті мәселелер қызу талқыланды. Мамандардың айтуынша, жүктерді құрылыс алаңдарына тасымалдау үшін «ұшқышсыз дрондар» пайдалы болуда. Болашақта оған сұраныс арта түспек. Сондай-ақ бүгінде құрылыс саласында кадр тапшылығы, цифрландыруды қолға алу қажет екені айтылды.
Сессия нәтижесінде үш сала бойынша маңызды деген 30-ға жуық тренд анықталды. Жобаның келесі сатысында алынған мәліметтер сараланып, жаңа мамандықтардың тізімі нақтыланады.