АСТАНАДА «ШЫҰ МОДЕЛІ» АТТЫ XII ЖАСТАР БІЛІМ БЕРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

АСТАНАДА «ШЫҰ МОДЕЛІ» АТТЫ XII  ЖАСТАР БІЛІМ БЕРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жыл сайын бұл іс-шара интерактивті ойын форматында өтеді. Оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жастары қатысып, аймақтық және халықаралық саясаттың өзекті мәселелерін сараптайды. 

Биылғы жылы Қазақстан мен Қытай студенттері «ШЫҰ аймағында жасыл болашақты құру: стратегиялар және бірлескен шешімдер» тақырыбын талқылау үшін жиналды. 

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Джанеш Кейн осындай жастарға арналған іс-шараларының маңызын және аймақтағы экологиялық мәселелердің өзектігін атап өтті. Конференцияны Astana International University мен ШЫҰ елдерінің SCOLAR желісінің Жастар платформасы ұйымдастырып, болашақ ынтымақтастық шаралар туралы келісім жасасты. 

Қатысушылар ШЫҰ-ға мүше әрбір елдің атынан сөз сөйлеп, бірлескен мәлімдемені пысықтады, ұсынылған бастамаларды талқылап, конференцияны тақырып аясында ағаш отырғызумен аяқтады.