
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері үшін онлайн-семинар өткізді. Семинарға қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысындағы «Лу Бань шеберханасы» базасында енгізілген халықаралық стандарттар негізінде кадрларды тәжірибеге бағдарланған даярлау әдісі туралы ақпараттар берілді.
«Лу Бань шеберханасы» – ШҚТУ мен Тяньцзинь кәсіптік институтының (Қытай) бірлескен жобасы. Ол CDIO (Conceive, Design, Implement, Operate) Дүниежүзілік бастамасы шеңберінде «Бензинмен жүретін автомобильдерді жөндеу және диагностикалау», «Дәстүрлі автомобиль жүйелерін модельдеу сынақтары», «Электромобильдер мен гибридті автомобильдерді жөндеу және диагностикалау», «Автомобильдердің SMART технологиялары» төрт зертханасынан тұрады, сондай-ақ «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» екі білім беру бағдарламасы бойынша инженерлерді даярлау іске асырылады.
ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина университет өкілдеріне шеберхана жобасының қалай жүзеге асырылғанын егжей-тегжейлі айтып берді. Білім беру бағдарламаларындағы да өзгерістер сөз етілді. ШҚТУ қызметкерлері мен оқытушылары 15-тен астам жаңа пәндер әзірледі, олардың мазмұны электромобильдерді, гибридті автомобильдерді және SMART-технологияларды зерттеуге, ал оқыту әдістемесі проблемалық-бағдарланған оқытуға бағытталған. Оқыту кәсіби дағдыларды көрсету бойынша жарыстарға дайындық форматында жүргізіледі.
«Лу Бань шеберханасы» базасында WorldSkills халықаралық жарысқа дайындық жүргізілуде. Өнеркәсіп пен білім беруді интеграциялау қағидаты іске асырылуда – еліміздің әртүрлі компанияларымен ынтымақтастықта мамандар мен сұранысқа ие инженерлік кадрларды бірлесіп даярлау, кәсіпорын қызметкерлерін оқыту жүргізіледі, болашақта «Электромобильдер үшін аязға төзімді аккумуляторлық батареялардың жаңа буынын әзірлеу» және «Автомобильдер мен тау-кен металлургия техникасы үшін жасанды интеллектті пайдалана отырып автоматтандырылған жүйені құру» сияқты ғылыми жобалар іске асырылатын болады», - деді Сәуле Жәдігерқызы.
ШҚТУ Академиялық қызмет департаментінің директоры Самат Байгереев қатысушыларға зертханалардың, практикалық сабақтарға арналған стендтердің жұмысын көрсетті. Сондай-ақ «Лу Бань шеберханасының» одан әрі дамуы туралы айтып өтті. Бұл ретте Smart Driving Technology жобасын іске асыру және электромобильдер мен гибридті автомобильдерді басқару жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз ету саласында білімі, автомобиль зияткерлік жүйелерін сервис және жаңарту дағдылары бар автомобиль техникасының компьютерлендірілген конструкциялары үшін IT-мамандарды даярлау жөніндегі инновациялық білім беру бағдарламаларын құру.
Семинарға қатысқан 60-тан астам ректорлар мен университет өкілдері жобаны іске асыруға, әкімшілік және оқу компонентіне қызығушылық танытты, халықаралық ынтымақтастықтың барысы бойынша да, білім беру инновациялары бойынша да сұрақтар қойды.