Батыс Қазақстан ғалымдары АҚШ-та біліктілікті арттырды

Батыс Қазақстан ғалымдары АҚШ-та біліктілікті арттырды

     Батыс Қазақстан облысының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары «Unilink» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Ратгерс университетінде «Қаржылық менеджмент және зерттеулерді коммерцияландыру»  бойынша біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтады.

    Курс азық-түлік қауіпсіздігін коммерцияландыру және инновациялар, биоинформатика, жануарлар мен өсімдіктер генетикасы, органикалық тағам салаларын қамтыды. Бағдарламаның мақсаты – қаржылық менеджмент тәжірибесін нығайту, зерттеулерді басқару мүмкіндіктерін кеңейту және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды жеделдету.

    Тараптар инновациялық технологиялық шешімдердегі Қазақстанның құзыретін нығайтуға бағытталған Жәңгір хан Батыс-Қазақстан аграрлық техникалық университеті мен Ратгерс университеті арасында қаржыландырылатын жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келісті.