ЕНУ&СКОЛКОВО: БІРЕГЕЙ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

ЕНУ&СКОЛКОВО: БІРЕГЕЙ ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ

     Сколково басқару мектебінің сарапшылары алғаш рет Қазақстанда ЕҰУ қызметкерлері үшін басқару дағдыларын дамыту мақсатында оқыту семинарын өткізді. Қатысушылар 10 командада университеттің виртуалды модельдеуімен айналысты. Оқу нәтижесінде ЕҰУ-дың алдағы бес жылға арналған даму жоспарын әзірлеу қажет.

     Сколково сарапшылары топ-менеджмент, кафедра меңгерушілері, ПОҚ, студенттер қауымдастығының көшбасшылары виртуалды университеттегі құрылым мен негізгі процестерді бес жылға модельдейтін «Университетті трансформациялау симуляторының» өзіндік әзірлемесін ұсынды. Топтық жұмыстың қатысушылары университет стратегиясын әзірлеп, басқару шешімдерін қабылдады және олардың салдары мен нәтижелеріне талдау жасады. «Сколково» бағдарламасының бірегейлігі симулятор 1000-нан астам параметрлерді есептеп, оқу орнының табыстылығын анықтайды.

     ЕҰУ-дың стратегиялық даму жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов атап өткендей, университет қазіргі уақытта басқарушылық құзыреттілігін көрсететіндей өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Осы бағытта университет жоғары басшылық пен қызметкерлерді оқу және ғылыми қызметтің трендінде болуға мүмкіндік беретін оқытуды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

    «Біз басқарушы қызметкерлер мен сала жетекшілерінің басқару дағдыларын жетілдіру мақсатында университетімізде үнемі түрлі форматта тренингтер өткіземіз. Бүгінде ол аралас түрде жүзеге асырылады: бұл оқыту, миға шабуыл тапсырмалары, топтық жұмыс. Трансформация симуляторы бағдарламасы біз үшін өзекті. Өздеріңіз білетіндей, қазір біз 5 жылға арналған университетті дамыту бағдарламасын қабылдау үстіндеміз. Жаһандық үрдістерді түсіну және ескеру бізге өзгермелі ортаға тиімді бейімделуге мүмкіндік береді. Сондықтан әлемде қандай табысты істер бар екенін білу аса маңызды. Осы мақсатта біз Сколково білім беруді трансформациялау орталығын басшыларымыздың басқару дағдыларын дамыту үшін шақырдық», - деп түсіндірді Думан Айтмағамбетов.

    Сколково сарапшылары университетті дамытудың жаһандық трендтері мен озық құралдары туралы айтып, университеттің дамуына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, шектеулі уақыт пен ресурстар жағдайында шешім қабылдау дағдыларын үйретуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

    «Екі күн ішінде біз командада ЖОО үшін 5 жылға басым бағыттарды айқындадық. Ойын түрінде өткен «Университеттің трансформация симуляторы» бағдарламасы негізінде мен өз факультетімнің қандай бағыттарына назар аудару керек екеніне қорытынды жасадым. Менің ойымша, бұл оқытудың негізгі идеясы дәл осы деп білемін. Тренингке ЖОО-ның топ-менеджменті ғана емес, сонымен қатар департамент директорлары, декандар, кафедра меңгерушілері де қатысты және процестерді басқару бойынша алған білімдері болашақта пайдалы болып, университеттің дамуына өз үлестерін қосады деп сенемін. Бүгінгі оқыту қорытындысы бойынша олар өңірлердегі білім беру ұйымдарын еш ойланбастан басқарып кетеді деп ойлаймын», - деді әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Баубек Сомжүрек.