
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасы шеңберінде инновациялық бағдарламаларды іске асыру перспективалары туралы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырып жатқан «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын бағалау бойынша алдын ала нәтижелер ұсынылды.
Отырысқа Ғылым және жоғары білім министрлігінің, педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының өкілдері, білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар және жобаны іске асыруға тартылған басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Кеңейтілген мәжілісте спикерлер өздері жүзеге асырып жатқан іс-шаралар шеңберінде қол жеткізген жетістіктерімен бөлісті. Атап айтқанда, жұмыс нәтижелері мен жоба шеңберінде әзірленген жаңа білім бағдарламаларын масштабтау барысы ЖОО-ларда және оларды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу туралы ақпарат егжей-тегжейлі таныстырылды. Сондай-ақ ҰБТ тест тапсырмаларының базасы жаңартылуда, ал тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен ҰТО мамандары біліктілігін арттырудан өтіп жатқаны атап өтілді.
Бұдан басқа физика, химия және биология пәндерінің жаңа кабинеттерімен, сондай-ақ инклюзивті кабинеттермен жабдықтау арқылы педагогикалық жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту туралы ақпарат ұсынылды.
Жоба инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше назар аударады. Осыған байланысты инклюзивті білім беру моделі әзірленіп, сәйкесінше профессор-оқытушылар құрамы және жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарының мамандары оқытылатын болады. Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы мен жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарының мамандары ABA – қолданбалы мінез-құлықты талдаудың үш модулі және ADOS-2 – аутизмді ерте диагностикалау әдістемесіне оқытылуда.
Жалпы жоба ұзақ мерзімді әлеуметтік әсер береді, әсіресе білім беру жүйесіндегі әлеуметтік диспропорциялардың төмендеуіне әкеліп, орта және жоғары білім беру арасындағы байланысты күшейтеді деп күтілуде.