
Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы Германияның Солтүстік Рейн - Вестфалия федеративті аумағында орналасқан кәсіпкерлік саласының жетекші мамандарын даярлайтын қолданбалы зерттеулер университеті – Fachhochschule des Mittelstands (FHM) GmbH жоғары оқу орнымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім орнықты даму саласындағы зерттеулер жүргізуге, университеттің «үшінші миссиясын» жүзеге асырып, стартаптарды қолдауға бағытталған.
Меморандум Әлихан Бөкейхан Университеті делегациясының Erasmus+ CirculEC: «Айналмалы экономика және орнықты даму саласындағы инновациялық білім беру бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу» жобасы аясындағы іс-сапарында жасалды. Кездесу барысында оқу орындарының басшылары алдағы уақытта бірлескен зерттеу жұмыстары мен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.