
Қазақстан Ғылым қызметкерлері күніне және ҚазСТА-ның 80 жылдық мерейтойына орай «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім мен ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты II Халықаралық ғылыми форум өтті.
Форум жұмысына Чехия, Колумбия, Испания, Венгрия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Болгария, Тәжікстан, Түркия мен Қырғызстаннан келген отандық және шетелдік ғалымдар мен спорт федерацияларының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар, білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері қатысты.
Үш күндік ғылыми форум бағдарламасы бес түрлі форматтағы іс-шараларды қамтыды. Бұл форум «Ұлттық спорт түрлерін сақтау және дамыту: қазіргі спорт әлеміндегі сын-тегеуріндер мен стратегиялар» ұлттық спорт түрлерінің фестивалінен басталды, ол ғалымдардың қазақтың ұлттық спорт түрлерін ілгерілету жөніндегі заманауи тәсілдер туралы пікірталастарымен; жастар арасында дәстүрлі спорт түрлеріне қызығушылықты арттыруға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың презентацияларымен; қазақ ұлттық спорт түрлері насихаттаудағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлін талқылаумен; халықаралық аренада қазақ спорт түрлерін табысты енгізу тәжірибесі ұсынылуымен жүрді. Бұдан әрі фестиваль бағдарламасы аясында тәжірибелі спортшылар мен жаттықтырушылардың жетекшілігімен дәстүрлі қазақтың қазақ күресі, ат спорты, көкпар, қазақ күресі, қол күресі, құсбегілік, тоғызқұмалақ және басқалай спорт түрлері бойынша шеберлік сыныптары өтті.
Форумның екінші күні «Play True Day» дөңгелек үстелінің жұмысымен жалғасты, спорт құндылықтары мен Fair Play қағидаттары бойынша - бұл әділдік, әдептілік және спортшылар, спорт қоғамдастығы және басқа да мүдделі тұлғалар арасында әділ спорттың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға әсер ететін ережелерді құрметтеу.
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды даярлау процесінде мемлекеттік тіл терминдерін дұрыс қолдану ерекшеліктеріне «Дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау бағыттарының теориялық негіздері» атты дөңгелек үстел арналды.
Форумның қорытынды күнінде «Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру практикасының өзекті мәселелері» атты ІІ-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, оның пленарлық отырысында off/ online режимде он бес отандық және шетелдік мамандардың презентациялары тыңдалды.
Алты секцияның off/ online ашық алаңдарында студенттердің, магистранттар мен докторанттардың келесі кейстер бойынша сөз сөйлеуі ұйымдастырылды: дене шынықтыру, спорт және туризм бойынша мамандарды кәсіптік даярлау, дене шынықтыру, спорт, туризм мен дене шынықтыру білімінің әлеуметтік мәселелері, білікті спортшыларды даярлаудың қазіргі заманғы мәселелері, дене шынықтыру-спорт қызметін психологиялық сүйемелдеу, сауықтыру мен бейімдеу дене шынықтыру, спорт пен туристік қызметтердің менеджменті мен маркетингі.
Қазақстан Ғылым қызметкерлері күніне орай, ҚазСТА ректоры Бауыржан Қайратұлы Закирьянов конференцияның пленарлық отырысында бастамашыл және инновациялық жобаларды қолдау мақсатында оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға 1,5 және 1,0 млн. теңге көлемінде атаулы сертификаттар табыс етті.
Ғылыми форум жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады, онда барлық off/ online қатысушылардың сөз сөйлеуі мен Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыруға өзінің лайықты үлесін қосатын дене шынықтыру және туристік индустрия саласында білім беру қызметтерінің ғылыми-әдістемелік әлеуетін дамыту бойынша бірлесіп әзірленген ұсынымдары келтірілді.