ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫНДА АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫНДА АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

   Бүгін Ақмола облысындағы А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Ауыл шаруашылығын табиғи апаттарға бейімдеудегі аграрлық ғылымның рөлі» тақырыбындағы көшпелі отырысы өтті.

   Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Ақылбек Күрішбаев Президиум отырысының ашылуында, климаттың қалай тез өзгеріп жатқанына, оның кері әсерінен ауыл шаруашылығы зардап шегіп, орасан зор шығынға ұшырағанына куә болып отырғанымызды атап өтті. 

   «Бұл жағдайда аграрлық ғылымның рөлі бірнеше есе артады, ол тек қолданыстағы ғана емес, сонымен бірге болашақ меселелерді шешудің оңтайлы нұсқаларын жедел ұсынып, сол арқылы саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі керек. Дәл осы жолмен бүгінде барлық технологиялық дамыған елдерде ғылым саласы алға іргелілеп, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау табуда. Жаһандық табиғи сын-қатерлер жағдайында аграрлық ғылымды басымдықпен дамыту қажеттілігі туралы осы қарапайым шындықты әлі толық зерттелмеген», - деді Ақылбек Күрішбаев. 

   Отырыста Академия әзірлеп жатқан су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығындағы генетикалық ресурстарды дамыту, құрғақшылыққа бейімделген агротехнологиялар мегажобалары бойынша нақты ұсыныстар ұсынылды.

   Сондай-ақ отырыста ҰАҒББО (НАНОЦ) Басқарма төрағасы Б.Касенов, БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы және Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшысы А. Моргунов, Ұлттық ғылым академиясының бас ғалым хатшысы И. Тоқбергенов, Парламент депутаттары, агробизнес өкілдері және аграрлық ғылымның жетекші ғалымдары сөз сөйледі.

   Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысының қорытындысы бойынша аграрлық ғылымды дамыту жөнінде және кадрлар даярлау бойынша тиісті аналитикалық жазбаны дайындап, ҚР Үкіметіне жолдау туралы шешім қабылданды.

   Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша Президиумның қатысушылары ғылыми зерттеулерді үйлестіру және өндіріске көмек көрсету үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында ветеринария ғылымдары бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу институтының болмауына байланысты университет (ҚазҰАЗУ, ҚАЗИТУ) жанынан ғылыми орталық (институт) құру; осы институттың базасында эпидемиологиялық жағдайды болжау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығын құру (картографиялық талдау, әкімдіктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін басқарушылық (профилактикалық) шешімдерді беру); деректер базасын жинау бойынша зерттеулерді, мониторинг, тәуекелді бағалау, картографиялық талдау және жұқпалы ауруларды болжауды жүргізуді ұсынды.