АБЫЛАЙ ХАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ АҚШ-ТЫҢ «SUSI» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

АБЫЛАЙ ХАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ АҚШ-ТЫҢ «SUSI» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

    Аударма және филология факультетінің аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы меңгерушісі Шолпан Саймкулова АҚШ мемлекеттік департаментінің «Study of the U.S.Institute (SUSI) for Scholars» бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.

    Аталмыш грант негізінде Ш.Саймкулова АҚШ-тың Монтана университетінде «Contemporary American Literature» бағыты бойынша 6 апталық тағылымдамадан өтеді. Бұл тағылымдамаға әлем бойынша 18 ғана үміткер таңдалады.

    «SUSI for Scholars» бағдарламасы шетелдік ғалымдар мен университет оқытушыларына АҚШ қоғамы, мәдениеті, құндылықтары мен институттары туралы түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік бермек.