ВИЦЕ-МИНИСТР ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ БҚО-ДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

ВИЦЕ-МИНИСТР ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ БҚО-ДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

    ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Талғат Ешенқұлов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің №3 жатақханасындағы эвакуациялық пунктте болды.

    Табиғи апаттан зардап шеккендер үшін ұйымдастырылған пунктте Орал қаласының әртүрлі аудандарынан 300 тұрғын орналастырылды. Мұнда барлық қажетті жағдайлар берілген: төсек-орын жабдықтары, жуынатын бөлмелер және азық-түлік сақтау орындары, уақытша тұру үшін жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

    Талғат Ешенқұлов сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсетіп жүрген Батыс Қазақстан университетінің еріктілерімен кездесті. Ол гуманитарлық көмекті түсіру, су тасқыны аймағында құм салынған қаптарды толтыру және орналастыру жұмыстарымен танысты. Университет қызметкерлері мен студенттеріне жалпыға ортақ іске қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

БҚУ облыста төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысады. Университет оқытушылары мен студенттері еріктілер қатарында, табиғи апаттың жағымсыз салдарын болдырмау бойынша іс-шараларға белсенді жәрдемдесуде.