
2024 жылғы 15 сәуірде Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті негізінде ғылыми қоғамдастық, ЖОО, ҒЗИ өкілдерімен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңын қабылдау шеңберінде ғылым саласын жетілдіру» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің дөңгелек үстелінің көшпелі отырысы өткізілді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А. Қ. Аймағамбетов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті А. Қ. Күрішбаев, Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Д. Ж. Ахмед-Заки және ЖОО ректорлары, ҒЗИ директорлары, ғылыми орта өкілдері қатысты.
Заң жобасы оларды қаржыландырудың негізділігі үшін ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің технологиялық дайындығының деңгейлерін, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу бойынша Ғылым қорын күшейтуді және т. б. көздейді. Талқылау шеңберінде Ғылыми қоғамдастық мемлекеттік сатып алу, ғылыми инфрақұрылымды, индустриялық ғылымды қаржыландыру, ғылыми-инновациялық жүйені енгізу, ҒЗЖ-ға гранттар беру мерзімдерін ұлғайту бөлігінде бірқатар нормаларды ұсынды.
Заң жобасы шеңберінде жоспарланып отырған жаңа тетіктер кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып, ғылымды қажетсінетін өнім шығаруда отандық ғылыми жетістіктерді қолдау мақсатында елде ғылыми-инновациялық қызметті ынталандырудың толыққанды экожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, Заң жобасын одан әрі іске асыру ғылымның дамуына және елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті салааралық үйлестіру үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізу жөніндегі технологиялық саясатты іске асыруға ықпал ететін болады.