
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері Петропавлдағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда. Жұмысқа 300-ден астам адам тартылған. ТЖД қызметкерлерінің басшылығымен еріктілер қорғаныс құрылыстарын нығайтады, қаптарды толтырады, қала тұрғындарына көмек көрсетеді, сондай-ақ гуманитарлық көмекті түсіруге қатысады.
Өз кезегінде, Kozybayev University ұжымының әйелдер жартысы да шетте қалмайды. Олар су тасқынына қарсы іс-шаралармен айналысатын еріктілер мен әскери қызметшілерге тамақ дайындайды.
Сонымен қатар, ЖОО-да су тасқынынан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетуге дайын еріктілер тобы құрылды. Бұл Аризона университетімен білім берудегі психология бағыты бойынша қос дипломды бағдарламалар бойынша оқитын балалар, сондай-ақ ЖОО психологиялық клубының қатысушылары. Барлығы 40 адам.
Олар үшін ТЖД психологтарымен тренингтер циклі ұйымдастырылды. Студенттерге жедел желі телефонында және эвакопункттердегі адамдармен жұмыс істеу бойынша кіріспе нұсқама берілді.