
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіндегі Ғылым апталығының аясында «Қазіргі жастар: жаңашылдық жасау-болашаққа ұмтылу!» IX Халықаралық студенттер слеті өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - жоғары оқу орындарының инновациялық ортасын дамыту. Слет жұмысына Қазақстанның жоғары оқу орындарының студент-ғалымдары, сонымен қатар жақын және алыс шетелдердің 20-дан астам жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
«Біз дамудың жаңа сатысында тұрмыз - бұл ақылды адамдар үшін ақылды қалалар құру. Сондықтан адамға бағытталған цифрлық технологиялардың маңыздылығын ескеру өте маңызды. Сондай - ақ, ақылды қалалар өңірлік дамудың, инновациялардың таралуының және мемлекеттің бүкіл аумағында өмір сүру сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады», - деп атап өтті Университет ректоры, э.ғ. д., профессор Е.Аймағамбетов.
Халықаралық слет екі ауқымды шараны қамтыды: «Жастар және ғылым: жаңа көзқарас және даму диалектикасы» атты докторанттардың, магистранттардың және студенттердің Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Сондай-ақ «Инновациялық жобалар: Болашаққа бағдар» байқауы өтті.
Халықаралық-практикалық конференция қорытындысы бойынша Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің студенті К.Шаврина мен М. Колесникованың, Н.Г.Чернышевский атындағы мемлекеттік ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінің студенті А. Горголаның жұмыстары үздік деп танылды. Сонымен қатар, Будапешт католиктік университетінің (Венгрия) студенттері В.Ярен және П. Пазмани, Армения Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің студенті С. Исаян, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенті Ж.Жақыпова, Қ.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті студенттері мен докторанттары А.Нұрланова және А.Шохаманова, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері Т.Сыздықов пен А. Жақсылықов марапат иелері атанды.
Жас ғалымдар бірлестігі - еліміздің экономикалық, мәдени және қоғамдық дамуының талабы болып табылады.
Қазтұтынуодағының Қарағанды университеті алдағы уақытта да ЖОО аралық ғылыми қоғамдастықтың инновациялық саласын жан-жақты қолдап, әрі қарай дамытуды жоспарлауда.