
Құрметті де, ардақты ғалымдар мен ғылым қызметкерлері!
Сіздерді 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтпаевтың: «Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін, үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады», - деген аталы сөзі бар. Отандық ғылым еліміздің экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын көтеретін өндірісітің қозғаушы күші.
Ғалымдардың мәртебесі артқан қоғамға қалтқысыз қызмет ете беріңіздер! Шаңырақтарыңызға шаттық тұнып, ғылыми ізденістеріңіздің көкжиегі кеңейе түссін!
https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/reel/C5pwd7brbfc/