ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ӨНДІРІС: ERG ЖӘНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ БАЙЫТУ ИНСТИТУТЫ ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН БІРІГУДЕ

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ӨНДІРІС: ERG ЖӘНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ ЖӘНЕ БАЙЫТУ ИНСТИТУТЫ ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН БІРІГУДЕ

    4 сәуір күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өтіп, онда өндіріс пен отандық ғылымды интеграциялау бойынша тапсырмалар берілді.

    Тапсырысты орындау мақсатында Сәтбаев Университетінің Металлургия және байыту институты Eurasian Resources Group тобының делегациясын қабылдады, оны компанияның бас директоры Серік Шахажанов бастап келді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ғалымжан Жанқуатов пен Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаевтың қатысуымен өткен жиын келешегі зор диалогтар мен пікір алмасуларға толы болды.

    Металлургия және байыту институтының бас директоры Бағдәулет Кенжалиев қонақтарды институттың зертханаларымен және тәжірибелік металлургиялық өндірісімен таныстырып, Eurasian Resources Group тобын қызықтыратын ғылыми әзірлемелерді ұсынды.

    Осы талқылау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті, Сәтбаев Университеті мен Металлургия және байыту институты арасында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Ол топ өндіріс алдында тұрған маңызды мәселелерді шешумен, соның ішінде жоғары көміртекті феррохромды вакуумдық-термиялық өңдеу әдісін, жоғары темірі бар бокситтерді өңдеу технологиясын әзірлеумен, сондай-ақ галлийді алудың ұтымды технологиясын және оның өндірісін іске қосумен айналысатын болады.

    Eurasian Resources Group тобының өкілдері институтта ғылыми зерттеулер жүргізу үшін оны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл қадам металлургия және кен байыту өнеркәсібі саласындағы инновациялық прогресті ынталандыруға, жаңа технологияларды дамытуға және өндірістік әрі ғылыми мекемелер арасындағы серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.