ENERGO UNIVERSITY-ДЕ ЦИФРЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ҮШІН МАМАНДАР ДАЯРЛАУ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

ENERGO UNIVERSITY-ДЕ ЦИФРЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ҮШІН МАМАНДАР ДАЯРЛАУ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

    «Таврида Электрик» компаниясының және «Энерджинет» жобасының көмегімен Қазақстандағы алғашқы ENERGYNET.LAB білім фабрикасы Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) базасында ашылды. Жаңа зертхана цифрлық энергетика қажеттіліктері үшін мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

    Салтанатты ашылу рәсіміне Energo University-дің ректоры Мурат Канатович Сыздыков, «Энерджинет» ҒТИ тең жетекшісі Олег Викторович Гринко және «Таврида Электрик Астана» директоры Махаров Бахруз Камран Оглы қатысты.

    Energo University-дің ректоры - М.К. Сыздыков:«Біздің университет ENERGYNET.LAB зертханасы жұмыс істей бастаған еліміздегі бірінші ЖОО болып табылады. Бұл оқиға жаңа бағыттың дамуына серпін береді, мамандарды сапалы даярлаудың негізін қалайды. Зертхана базасында біз қарқынды дамып келе жатқан саланың жағдайын ескере отырып, цифрлық энергетиканың қажеттіліктері үшін кадрларды мақсатты түрде дайындай аламыз».

    «Энерджинет» ҒТИ тең жетекшісі - О.В. Гринько:«Біздің білім беру зертханаларымыздың картасында Қазақстан Республикасындағы алғашқы жаңа зертхана пайда болғанына қуаныштымыз. Электр энергетикасын дамытудың перспективалық бағыттары осы тұжырымдаманың кең мағынасында жаңа инженерлік кадрларға өте мұқтаж: ғалымдар, әзірлеушілер, жобалаушылар, эксплуатациялық және әкімшілік қызметкерлер. Сонымен қатар, бұл қажеттілік жақын болашақта қалыптасады. Осы қажеттіліктерді түсіне отырып, «Энерджинет» жол картасында білім беру күн тәртібі жеке бағытқа – «Цифрлық тарату электр желілері» білім беру бағдарламасына бөлінді, оның шеңберінде энергетикалық жоғары оқу орындарының базасында ENERGYNET.LAB білім фабрикалары (зертханалары) құрылады».

    Ауданы 86 шаршы метр болатын жаңа білім беру кеңістігінде екі бөлме бар-кең дәріс залы және 16 жұмыс орнына арналған оқу сыныбы. Зертхана заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету және мультимедиялық жабдықтары бар компьютерлермен жабдықталған. ENERGYNET.LAB білім фабрикасына іріктеу конкурстық негізде өтеді, оған Energo University-дің энергетикалық мамандықтарының бакалаврлары қатыса алады. Конкурстан өткен студенттер «Цифрлық тарату электр желілері» курсына қол жеткізе алады, сондай-ақ технологиялық серіктестің зерттеу және инжинирингтік жобаларына қатыса алады, оқу полигонында және «Цифрлық РЭҚ» федералды эксперименттік алаңында тәжірибеден өте алады. «Электр желілерінің цифрлық ауданы» («Цифрлық РЭҚ») – «Энерджинет» негізгі жобаларының бірі. Оның мақсаты ғылым мен техника саласындағы жаңа жетістіктер негізінде болашақтың электр желілік компаниясының жаңа бизнес-моделін құру болып табылады.

    Energo University-дегі ENERGYNET.LAB Қазақстандағы алғашқы және 2021 жылдан бері «Энерджинет» ашқан төртінші зертхана болды. Бірінші ENERGYNET.LAB білім фабрикасы 2021 жылдың желтоқсанында Беларусь ұлттық техникалық университетінде (Минск қ. Беларусь Республикасы) ашылды, 2022-2023 жылдары зертханалар Иваново мемлекеттік энергетикалық университетінде және Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінде (Ресей Федерациясы) ашылды.