СЕРІКБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ

СЕРІКБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ

    Қазақстанның бірқатар өңірінде орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке және су тасқынынан болатын зардаптарды жоюға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың 1000-нан астам профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері бір күндік жалақыларын арнайы көмек қорына аударды.

    Бұдан бөлек, ШҚТУ базасында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек - гигиена құралдары, азық-түлік және зардап шеккендерге қажет басқа да заттар жиналады. Ал студенттік белсенділер азық-түлік пен заттарды жинау орталығында тікелей көмектеседі. Қазір 300 келіден астам гуманитарлық көмек жиналды.

    «Біздің университеттің еріктілер тобы, студенттері мен қызметкерлері бірге мұқтаж жандарға көмек көрсетуге белсене қатысты. Тек бірігу арқылы біз бұл сынақты жеңе аламыз. Бірлік - біздің күшіміз!», - деді Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 3-курс студенті Ляйля Толеубекова.