Торайғыров университетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында "Жүрек жылы" байқауы өтті.
Іс-шараға мамандандырылған орталықтар мен арнайы мектеп-интернаттардың атынан 7 жастан 15 жасқа дейінгі 22 жас талант қатысты. Ұйымдастырушы ToU жоғары колледжі болды. Балалар сәндік-қолданбалы өнерде, сурет салуда және спидкубингте бақ сынасты.
- Бүгін біз ұсақ моториканы, логикалық ойлауды және зейінді шоғырландыруды дамытуға бағытталған спидкубинг бойынша шағын жарыстар өткіздік. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмектесу мен үшін үлкен қуаныш, - деп атап өтті спидкубингтен Азия чемпионы, ToU жоғары колледжінің студенті Даниял Сүлеймен.
Университет пен мамандандырылған орталықтардың ынтымақтастығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және қоғамға сәтті бейімделуге мүмкіндік береді.
- Торайғыров университеті "Жүрек жылуы" байқауы сияқты іс-шараларды қолдайды. Біз әр баланың, оның ерекшеліктеріне қарамастан, дамуы керек ерекше әлеуеті бар деп санаймыз. Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті мен жобалық кеңсесін ашу - университетте қолжетімді және инклюзивті орта құру жөніндегі жұмысымыздың бір бөлігі ғана. Біз бұл бағыттарды ToU-да әркім сапалы білім алуы үшін одан әрі дамытатын боламыз, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.