МЕМЛЕКЕТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНДА ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНДА ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

    Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Зәки ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ғылым апталығының ашылу салтанатына қатысты. «Даму күні» аясында өткен шарада вице-министр Академия қызметкерлері мен білім алушыларына «Ғылымдағы инновациялар: тенденциялар мен перспективалар» тақырыбында дәріс оқыды.

    Дәріс барысында Дархан Жұмақанұлы Ұлттық инновациялық жүйеге тоқталып, Оңтүстік Корея сынды өзге мемлекеттердің тәжірбиелерімен де бөлісті. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау бойынша тың ақпарат берді. Ғылым қорының функцияларын күшейтумен қатар венчурлік қаржыландыруды дамыту туралы айтты. Сондай-ақ кездесу соңында тыңдаушыларға бүгінгі таңдағы ғылымның іргелі жетістіктері мен перспективалары туралы мағлұматтар айтып, сұрақтарына жауап берді.

    Атап өтейік, 12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Академияның ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған Ғылым апталығы аясында вебинарлар, семинарлар, «Идеялар фабрикасы» сараптамалық талқылауы сияқты түрлі іс-шаралар жоспарланған.