
Былтыр ҚР Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы отандық ғылым мен технологияның жетістіктерін дәріптеуді тапсырды.
Бұл мақсатта Ғылым және жоғары білім министрлігі 5-12 сәуір аралығында «Ғылым апталығы» дәстүрлі іс-шарасын өткізеді.
Апталық аясында елімізде 100-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырып, ғылым және жоғары білім саласындағы жетістіктер таныстырылады.
«Ғылым апталығы» аясындағы іс-шаралар жоспары:
8 сәуір Семей қ. «SHAKARIM EXPO – 2024» қала кәсіпорындарының қатысуымен ғылыми жетістіктер көрмесі» өтеді;
11-12 сәуір күні сағат 11:00 «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық зерттеу университетінде» «Ғылым күні және SATBAYEV International CONFERENCE 2024: «Ғылым мен технологиялардың интеграциясы: тұрақты даму жолы»;
11-13 сәуір аралығында «Ғылыми білім, инновациялар және жастар – тұрақты даму негіздері» оқушылар үшін Халықаралық ғылыми форумы өтеді;
12 сәуір Астана қаласында Astana IT University «Жас ғалымдар саммиті» өтеді;
12 сәуірде Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы» өттеді;
12 сәуірде Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «GYLYM JANE BILIM – 2024» студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың XIX Халықаралық ғылыми конференциясын өтеді.