
2024 жылғы 1 сәуірде Тэджон қаласындағы KAIST университетінде ҚР Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстановтың, осы жобаның бастамашылары мен үйлестірушілері Дана Молдақұлова мен Данияр Әнуарұлының қатысуымен министр Саясат Нұрбек бастаған қазақстандық делегацияның KAIST Президенті Кван Хен Лимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар бірлескен стратегиялық ынтымақтастық және KAIST университетінің Қазақстандағы филиалын ашу мәселелерін талқылады. KAIST Президенті Кван Хён Ли Қазақстанда филиал ашуға қызығушылық білдіріп, жобаны бағалау үшін техникалық-экономикалық негіздеме жүргізуді ұсынды.
KAIST филиалының Қазақстанда ашылуы Қазақстандағы білім мен ғылымды дамытудағы, сондай-ақ ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болмақ. Тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін және жақын арада осы жобаны іске асыру бойынша белсенді жұмыс істеуге ниетін білдірді.
Сондай-ақ, министр С. Нұрбек KAIST-те оқитын қазақстандықтармен кездесіп, оларға Қазақстанның жоғары білімі мен ғылымын дамыту туралы дәріс оқыды.
Айта кету керек, KAIST университеті әлемде және жаһандық академиялық қоғамдастықта электротехника, информатика, машина жасау және инженерия салаларындағы инновациялық зерттеулері мен әзірлемелерімен кеңінен танымал. KAIST Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең инновациялық университет ретінде танылды, сонымен қатар Times Higher Education журналы бойынша әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде үшінші орында тұр.