
14 наурыз – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өңірдегі жетекші оқу орны Х. Досмұхамедов университетінің ғылыми жетістіктерімен танысып, оқытушы-профессорлар мен студенттерді Амал мерекесі – Көрісу күнімен құттықтады.
Атырау университеті ғылыми зерттеу бағытында зертханаларды заманауи құрылғылармен жабдықтауда өңірдегі ірі компаниялармен ынтымақтастықты арттырған. Нәтижесінде NCOC компаниясының демеушілігімен оқу орының «Каспий қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг» ғылыми зертханасына жабдықтар алынған. Зертханамен танысқан министр заманауи құрылғылардың топырақ пен судың, өсімдіктер мен азық-түліктің, өндіріс орындарындағы мұнай өнімдеріне талдау жүргізудің әлеуетін арттыратындығына ризашылығын білдірді.
Министр жаңа үлгіде жасақталған IT сыныптарындағы «A-Pro Academy» бағдарламалау мектебімен бірлесе жасаған білім беру бағдарламаларының үш жылдық нәтижелерімен танысты. Компания дәріскерлері оқытқан түлектердің қатарын толықтырып, биыл оқу бітіретін үздік екі студент жұмысқа орналаспақ. Сондай-ақ, министр университеттің «JasUP» жобасы бойынша жүзеге асатын мектеп оқушыларының жұмыстарымен танысты. Жоба – балаларды робототехника жасауға, өнертабыспен айналысуға баулитын универисеттің ІТ саладағы шығармашылық үйірмесі.
Университет Coursera білім беру платформасына арналған курстарды жазатын арнайы студиялық лабораториясы бар еліміздегі санауы оқу орындардарының бірі. Бүгінде атыраулық ғалымдар өздерінің онлайн курстарын жазып, студенттердің оқуына ұсынып отыр. Министр Саясат Нұрбек қазақстандық платформаны дамытудағы Х. Досмұхамедов университетінің қалыптастырған тәржірибесі өзге оқу орындарына үлгі болатын тың бастама екендігін атап өтті.
Х. Досмұхамедов университетінің ғалымдары отандық ғылымды дамытуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп келеді. Министр оқу орнының кәделі өнертабыстары мен археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарының көрмесін тамашалады. Атырау облысы топырағы тұзды, экологиялық ахуалы күрделі шөлейтті аймақ. Сондықтан да, ауыл шаруашылығы саласында мал азығы жем-шөп тапшылығы мен жайылымдық жердің тозаңдануы үдеп келеді. Осы мәселені жеделдете шешу үшін ғалым Болат Мұхамбетов аймақтың табиғатына төзімді түйежоңышқа тұқымдарын будандастыру арқылы ерекше құнарлы өсімдікті өсірудің ғылыми қолданбасын әзірледі. Бүгінде ғалымның қолданбалы тәжірибесіне сүйеніп Қызылорда облысы Жалағаш ауданының және Атырау облысы Махамбет ауданының бірнеше қожалықтары өсімдікті өсіріп, тұқымын көбейтуге кірісіп кетті.
Биыл алғаш рет университет профессоры, биология ғылымдарының докторы София Сағындықованың 20 жыл бойы зертханалық ізденістермен пысықталған өнертабысы «Софмайя» түйе сүтінен жасалатын жаңа сусынын өндіріске жолтартты. Өнімді Маңғыстау облысының «AGARGAN» ЖШС мен «Ғылым қорының» бірлесе қаржыландыруымен тұтынушыларға қолжетімді болады. Бұдан бөлек, министр университет археологтарының қазба жұмыстарынан тапқан, бүгінде археология зертханасының құнды материалдық заттарын көріп, зерттеу жұмыстарына оң бағасын берді.
Сонымен қатар, министрді оқу орны студенттерінің Start-UP жобалары да таңқалдырды. Болашақ экологтар шыны қалдықтарын пайдаланып эпоксидті шайырдан әшекей бұйымдар өндірген. Бұл идея қоқыс қалдықтарын кәдеге жаратудағы атыраулық жастардың жасампаз табысы.
14 наурыз - Көрісу күнімен тұспа-тұс оқу ордасына келген министр Саясат Нұрбектің қадамын жақсылыққа балаған ұжым қазақы дәстүрмен сәбидің тұсауын кестіріп, университеттің ардагер ұстаздары ақжолтай қуанышқа ақ батасын берді.