
Конкурстың мәні:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ 2024/2025 оқу жылына арналған жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысы.
Конкурсты ұйымдастырушы:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-17-39, 74-22-84, 74-16-70
Конкурс туралы ақпарат:
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 19 наурызда сағат 9.00-де басталып, 27 наурызда сағат 18.30-да аяқталады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің келесі бұйрықтары негізінде жүргізіледі:
- «2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлу және 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия құру туралы» 2024 жылғы 23 ақпандағы №78 бұйрығы;
- «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы.
Конкурсқа әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатысады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін электрондық форматта мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:
1) конкурстық өтінім;
2) ЖЖОКБҰ-ның сауалнама;
3) ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық картасы;
4) тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныс;
ЖЖОКБҰ ұсынған ақпараттық карталардың көрсеткіштері бойынша мәселелер туындаған жағдайда тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия растау құжаттарын сұратады.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысының ЭЦҚ қолымен расталады және электрондық форматта ҰТО ақпараттық жүйе арқылы ұсынылады.
Бұл ретте ЖЖОКБҰ ұсынған мәліметтер ҒЖБМ ақпараттық жүйесінің деректерімен сәйкестігі тұрғысынан салыстырылады.
Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды.
Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Конкурстық материалдар ақпараттық жүйеде сілтеме бойынша толтырылады: https//infomap.testcenter.kz