ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы жас ғалымдар кеңесінің жаңа құрамы туралы хабарландыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы жас ғалымдар кеңесінің жаңа құрамы туралы хабарландыру

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінде жаңару үдерісінің басталғаны туралы мәлімдейміз және қызығушылық танытқан үміткерлерді өтінім беруге шақырамыз.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі – ЖҒК) жас ғалымдарды ғылыми, ғылыми-техникалық қызметке және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі қызметке тарту мәселелері бойынша, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Ол сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілердің, ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен өзге де құжаттардың мазмұны бойынша ұсыныстар алға тарту арқылы жас ғалымдардың кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасауға талпынады.

ЖҒК құрамы:

- жалпы 24 адамнан тұрады;

- 8 өкіл – ғылыми ұйымдардан;

- 11 өкіл – жоғары оқу орындарынан;

- 3 өкіл – ғалымдардың және/немесе жас ғалымдардың ғылыми қоғамдық бірлестіктерінен;

- ҚР ҒЖБМ тағайындайтын 2 мүше.

ЖҒК құрамына:

- 40 жастан аспаған;

- PhD дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі бар;

- қаржыландырылатын ғылыми зерттеулерге қатысу тәжірибесі бар кандидат кіреді.

ЖҒК құрамына енуге ұсынылған кезде ескерілетін қосымша критерийлер:

- Халықаралық тәжірибе (оның ішінде жетекші шетелдік университеттерге оқу және ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеу немесе халықаралық ғылыми жобаларға қатысу);

- Scopus және/немесе Web of Science реферативтік базаларына енгізілген ғылыми журналдардағы жарияланымдарының Н-индексі және/немесе саны;

- Ғылыми жобаны немесе бағдарламаны басқару тәжірибесі;

- Жоғары оқу орнында ғылыми бағытты дамыту;

- Енгізілген ғылыми нәтижелері.

Өтініш беру үдерісі:

Жоғарыдағы аталған талаптарға сай келетін үмткерлерді https://forms.gle/n6aJbFpCz3h6NvSy6 онлайн нысаны арқылы өтінім беруге шақырамыз.