Baitursynuly University студенттері балаларды емдеуге өз үлестерін қосуда

Baitursynuly University студенттері балаларды емдеуге өз үлестерін қосуда

Baitursynuly University 8 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан дәстүрлі қайырымдылық балын өткізді.

Балдың негізгі миссиясы – көмекке мұқтаж адамдарға дәнекерлік ету, бұл әдетте емдеу құралдарын қажет ететін кішкентай балаларға арналған.

Жақсы дәстүр мен студенттік актив бастамасының арқасында Айша Қабылбековаға, Амина Мұқашеваға, Аят Бекентаевқа, Диас Азаматұлына, Арлан Толендиге және университетіміздің студенті Иван Шевченкоға көмек көрсетілді. Осы жолғы шара өмірінің көп бөлігін ауыр сырқатпен күресумен өткізіп келе жатқан небәрі 4 жастағы кішкентай Дарын Бисимбаевқа арналды.

Қайырымдылық балының аясында университеттің барлық оқу ғимараттарында «Балаға күлкі сыйла!» жәрмеңкесі өтті.

Бал бағдарламасы өз факультеттері атынан ұсынған студенттердің бал билерін орындаудан, сондай-ақ факультеттердің, институттың студенттік активінің, Студенттік парламенттің өнер көрсетуінен тұрды. Бал идеясын Қостанай облыстық филармониясының әртістері де қолдады.

Ұйымдастырушылар ауқымды іс-шараны өткізуге зор көмек пен қолдау көрсеткендері үшін Қостанай облысының жастар ресурстық орталығына, облыстық филармония әртістері мен демеушілеріне алғысын білдірді.

1 405 077 теңге жиналған қайырымдылық акциясына өз үлесін қосқандардың барлығына, әсіресе Студенттік Парламентке ізгі ілтипаттар жолданды. Барлық қаражат Дарынның отбасына беріледі. Бірақ акция мұнымен аяқталған жоқ, ақша жинау және қайырымдылық шаралары наурыз айында жалғасын табады.