ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті лауазымына Дос Сарбасов тағайындалды

ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті лауазымына Дос Сарбасов тағайындалды

Дос Жұрмаханбетұлы - онкологиялық аурулармен күрес саласындағы әлемдегі жетекші ғалым.

Профессор Дос Сарбасов – Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушысы, биохимия және молекулалық биология ғылымдарының кандидаты (АҚШ). Доктор Сарбасов ұзақ уақыт американдық MD Андерсон онкологиялық орталығында жұмыс істеп, 27 жылдан кейін Қазақстанға оралды. 2020 жылдан бастап профессор Назарбаев Университетіндегі National Laboratory Astana зертханасын басқарады. Командасымен бірге профессор қатерлі ісіктің КRАS-мутантты түрлерін емдеуді аяқтауды көздеп отыр. Ол С дәруменінің жоғары дозадағы D-формасының (D-VC) шағын концентациядағы мышьякпен (arsenic trioxide, ATO) қосындысына негізделген.

Сарбасов 80-нен астам ғылыми жарияланымдар мен 37 қолжазбаның авторы, mTOR ақуызының өсудегі, жасушалардың көбеюіндегі, мРНҚ транскрипциясындағы және жасуша ішіндегі ақуыз биосинтезіндегі рөлін ашушылардың бірі.

Американдық биохимия және молекулалық биология қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі.