
Іс-шара ғалымдарды, зерттеушілерді және кәсіпкерлердің басын қосты. Қатысушылар Еуропалық Одақтың «Horizon Europe» және Еуропалық ғылыми кеңістіктің бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы толық түсінік алды. Horizon Europe бағдарламасының әртүрлі кластерлері қарастырылды.
«Ғылым Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Камиль Акатов кіріспе құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстандағы Horizon Europe Ғылым және инновациялар жөніндегі негіздемелік бағдарламаларды Ұлттық үйлестіру орталығы айқындаған сәттен бастап Ғылым қоры жүргізетін жүйелі жұмысқа егжей-тегжейлі тоқталды.
««Horizon Europe» бағдарламасы үйлестірушілердің 5-ші жыл сайынғы Форумына қатысты. Орта Азия бойынша бағдарламаның жауапты үйлестірушілерімен бірқатар кездесулер өткізілді. Бұл әрекеттердің барлығы Мемлекет басшысының алға қойған міндеттері шеңберінде халықаралық аренада ғылымды дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Бұған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қол қойған Horizon Europe бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық туралы меморандум бағытталған»,- деп атап өтті К.Акатов.
Воркшоп спикерлері ұлттық үйлестіру орталығының тақырыптық үйлестірушілері – Қазақстандағы «Horizon Europe» ҰБО ұлттық үйлестірушісі, Ғылым Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Әлия Сембаева, ҰБО үйлестірушісі, қауымдастырылған профессор Бекен Арымбеков, география ғылымдарының кандидаты, ЕО негіздемелік бағдарламасы грантының иегері Шамшагүл Маштаева, Еуропа Одағы негіздемелік бағдарламасының гранттық жобасының қатысушылары Айжан Самамбаева, Ақсұлу Кушанова және Күнжан Адекенова.
ҰҮО үйлестірушілері Еуропалық Одақтың негіздемелік бағдарламаларына қатысу шарттары, қаржыландыру тетіктері, «Мари Склодовска-Кюри әрекеттері», сондай-ақ «Климат, энергетика және ұтқырлық», «Цифрландыру, өнеркәсіп және ғарыш», «Азық-түлік, биоэкономика; Табиғат ресурстары; Ауыл шаруашылығы және экология», «Денсаулық» салаларындағы бағдарламаларын таңдаудың басым бағыттары мен критерийлері туралы айтып берді.
Кездесу соңында қатысушылар сұрақтар қойып, қатысудың қыр-сырына қызығушылық танытты, ұсыныстар мен байланыстармен алмасты.