
Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Александр Барукин әріптестерімен бірге электр станцияларының ашық тарату құрылғыларының сызбаларын әзірлейді.Олар аналогтарға қарағанда сенімдірек болады және тіпті төтенше жағдайларда да, жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз етеді.
«Соңғы 20 жылда әлемнің энергетикалық жүйелеріндегі техногендік апаттар әртүрлі істен шығулардың салдарынан орын алды, олардың арасында электр станцияларының ашық тарату құрылғыларының схемалары элементтерінің істен шығуы әрдайым болды. Сонымен қатар, тұтынушылардың экономикалық шығыны кейде үлкен мөлшерге жетеді. Өнертабыстардың түпкі мақсаты - электр станцияларына арналған ашық тарату құрылғыларының жаңа сызбаларын әзірлеу арқылы энергияны үнемдеу, бұл аналогтарға қарағанда сенімді болады», - деді Александр Барукин.
Сонымен қатар, электр энергетигі «Шапағат-2023» өнертабыс саласындағы жетістіктер Республикалық байқауында «Жас өнертапқыш» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
«Жас өнертапқыш» номинациясы бойынша іріктеу әлеуметтік маңыздылығы, өнертабысты пайдаланудың экономикалық әсері, экологиялық қауіпсіздік, бәсекеге қабілеттілік, технологияларды өндіріске енгізу және/немесе коммерцияландыру сияқты критерийлер бойынша өтті.